logo

ҮСТЕЛ ТЕННИСІ ОРТАЛЫҒЫ

alt

Үстел теннисі орталығы өз қызметін 2019 жылдан бастап белсенді түрде жүргізіп келеді. Орталықтың негізін қалаушылар – үстел теннисінің екі кәсіби ойыншысы Денис Жолудев және Тимур Келбұғанов, екеуі де спорт шеберлері және Қазақстанның бірнеше дүркін чемпиондары болып табылады, сондай-ақ олар өз шеберліктерімен бөлісе отырып, топтық және жеке жаттығулар өткізеді.

Балалар тобы – 6 жастан 14 жасқа дейін. Ересектер тобы – 15 жастан жоғары.

Үстел теннисі орталығында жаттығулар кәсіби стандарттар бойынша 2 сағаттан өтеді, алғашқы 15-20 минут қыздыру, денені қыздыру үшін жаттығу жасай жүгіру, содан кейін бір орында қыздырыну, үстел теннисімен айналысу кезінде жарақат алмау үшін аяқтарды, қолды созу жаттығулары, кардио жүктемелерден кейін жұппен жасайтын бөлек жаттығуға ауысады, онда негізгі уақыт соққы техникасы бойынша жұмыс істейді, жаттығудың соңында жалпы физикалық жаттығулар, мысалы, дене прессі жаттығулары немесе санау ойыны өтеді.

Үстел теннисінің пайдасы:

·      Жүрек-тамыр жүйесін нығайтады

·      Көру қабілетін жақсартады

·      Дененің спорттық формасын сақтайды

·      Жедел және аналитикалық ойлауды дамытады

·      Ерік-жігер қалыптастырып, өзін-өзі тәрбиелеуге баулиды

·      Жоғары концентрация және зейінді шоғырландыруды үйренеді

·      Эмоционалды босаңси алуға үйретеді

·      Бұлшықетті күшейтеді және буындарды икемді етеді

·      Күш, ептілік, реакция жылдамдығы

·      Қимыл-қозғалысты үйлестіру және вестибулярлық аппаратты жаттықтыру

Сондай-ақ, үстел теннисі орталығында аптасына 3 рет спорт шеберлері де, әуесқойлар да қатысатын турнирлер өткізіледі.

Команданың мақсаты – Қазақстан Республикасында үстел теннисін дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық іс-шаралар мен турнирлерді ұйымдастыру және өткізу, Астана қаласының құрама командаларына мүшелікке спортшыларды даярлау.

Instagram: @tabletenniscenter

Байланыс: 87776894147