logo
alt

Бәйтерек монументі

1997 жыл – Астана қаласының мемлекеттің жаңа астанасы болып жарияланған жылын және тиісінше ел тарихындағы жаңа бастамасын білдіреді

Бәйтерек – ертедегі көшпенділердің дүниетанамын танытатын терең философиялық мән-мағынаға ие. Бұл – жерасты, жерүсті және аспан сияқты үш бірдей әлемнің басын қосқан тіршілік ағашы. Жерасты әлеміне Бәйтеректің тамыры, жерүсті әлеміне оның алып діңгегі, ал аспан әлеміне оның жайқалған жапырақтары сәйкес келеді.

Байтеректі салу идеясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. «Бәйтерек» кешенін жобалаушы архитектор – танымал қазақстандық сәулетші – Ақмырза Рүстембеков.

2002 жылы «Бәйтерек» монументі ТМД елдері Сәулетшілер одағының Халықаралық Қауымдастығы – СОХҚ байқауының Гран-при жүлдесіне ие болды. «Бәйтеректің» авторы осы мақсатқа қол жеткізіп, қазақ халқының ежелгі рухани мәдениеті мен елдің болашаққа ұмтылысын білдіретін заманауи технологиялар арасындағы үндестікке ие болды.

ТЕХНИКАЛЫҚ
СИПАТТАМА

2002 жылғы 29 тамыз
ғимарат салынған уақыт
105 м
ғимараттың биіктігі
22 м
шардың диаметрі
1 500 т
құрылыс салмағы
1 620 ш.м.
құрылыс алаңы

Келушілер назарына

  • 3 қабат
alt

«Аялы алақан» композициясы

alt

«Бата» композициясы

ҒИМАРАТҚА
КІРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Жұмыс уақыты мен кестесі:

1 маусым – 31 тамыз – 10:00-ден 22:00-ге дейін

1 Қыркүйек – 31 мамыр – 10:00-ден 21:00-ге дейін

Келу (кіру) құны:

Ересектерге арналған билет – 2000 ₸

Балалар билеті (6 - дан 15 жасқа дейін) – 1000 ₸

Жеңілдікті билет – 1500 ₸

10 немесе одан да көп адам экскурсиясы бар топтық билеттің құны*:

Ересектерге арналған билет – 1 500 ₸

Балалар билеті (6 - дан 15 жасқа дейін) – 800 ₸

Жеңілдікті билет – 1300 ₸

Билет сатып алу

Ескертпелер:

Азаматтардың келесі санаттары (растайтын құжаттарды ұсынған кезде) объектіге тегін кіруге құқылы:

  • ҰОС қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар
  • Көп балалы аналар
  • I және II топтағы мүгедектер және мүгедек балалар
  • Мүмкіндігі шектеулі балалар
  • 18 жасқа толмаған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар
  • 5 жасқа дейінгі балалар
  • Көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушылары
  • III топтағы мүгедектерге растайтын құжаттарды ұсынған кезде кіру билеті құнының 50% мөлшерінде жеңілдік беріледі, сондай-ақ I, II топтағы мүгедектер үшін 1 (бір) ілесіп жүретін адамға кіру тегін

Азаматтардың жеңілдікті санаттары үшін билеттерді сатып алу растайтын құжатты көрсеткен кезде тікелей кассада жүзеге асырылады.

Билеттерді айырбастауға және қайтаруға болмайды.

Байланыс

Мекенжай:

Нуржол бульвары,14