Бейбітшілік және Келісім сарайы
Ғимарат жобасының авторы – әйгілі британдық сәулетші Лорд Норман Роберт Фостер
Қазақстан жеріндегі достықтың, ынтымақ пен бейбітшіліктің нышанына айналған Бейбітшілік және Келісім сарайы – елорданың басты көрікті жерлерінің бірі. Бұл – ғылым, мәдениет, өнер, білім беру арқылы бейбітшілік, келісім, жоғары руханият пен имандылық негізінде бәсекеге қабілетті мемлекет құру, біздің елімізде тұратын барлық халықтардың дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, тілі мен мәдениетін сақтау және құрметтеу туралы мемлекетіміздің басым идеясын іске асыру бойынша мәдени-ағарту жұмыстары өрістеген орталық.
Сарайда Опера залы, Бейбітшілік және келісім мұражайы, көрме жобаларының сериясы, «Құланшы» қазіргі заманғы өнер галереясы, сондай-ақ «Бесік» залы орналасқан, онда Қазақстанның жас астанасының тамаша панорамалық көрінісі ашылады.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМА
Ғимарат жобасының авторы – әйгілі британдық сәулетші
Лорд Норман Роберт Фостер
Келушілер назарына
- 1 қабат
- 2 қабат
- 3 қабат
- 6 қабат
- 8 қабат
Секциялар мен орталықтар (спорт, шығармашылық, білім беру)
Галерея
ҒИМАРАТҚА
КІРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1 маусым – 31 тамыз – 10:00-ден 20:00-ге дейін
1 қыркүйек – 31 мамыр – 10:00-ден 18:00-ге дейін
Ересектерге арналған билет – 1500₸
Балалар билеті (6 - дан 15 жасқа дейін) – 700 ₸
Жеңілдікті билет – 1000 ₸
Ересектерге арналған билет – 1 100 ₸
Балалар билеті (6 - дан 15 жасқа дейін) – 500 ₸
Жеңілдікті билет – 800 ₸
Ескертпелер:
Азаматтардың келесі санаттары (растайтын құжаттарды ұсынған кезде) объектіге тегін кіруге құқылы:
- ҰОС қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар
- Көп балалы аналар
- I және II топтағы мүгедектер және мүгедек балалар
- 18 жасқа толмаған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар
- 5 жасқа дейінгі балалар
- Көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушылары
- III топтағы мүгедектерге растайтын құжаттарды ұсынған кезде кіру билеті құнының 50% мөлшерінде жеңілдік беріледі, сондай-ақ I, II топтағы мүгедектер үшін 1 (бір) ілесіп жүретін адамға кіру тегін
Азаматтардың жеңілдікті санаттары үшін билеттерді сатып алу растайтын құжатты көрсеткен кезде тікелей кассада жүзеге асырылады.
Билеттерді айырбастауға және қайтаруға болмайды.
қосымша
ақпарат
Байланыс
Тәуелсіздік даңғылы, 57
Опера залы
«KEBEJE» көшпелі қазақ тұрмысының антикварлық заттарының көрмесі
Екінші қабатта ұсынылған көрмеге мүсінші, зергер, суретші және коллекционер Сержан Бәшіровтың жұмыстары қойылған. Бұл негізінен ағаштан, жануарлардың сүйектері мен терісінен жасалған шағын халық инсталляциялары, шебердің өз қолымен жасаған туындылары, сондай-ақ еліміздің түпкірлерінен 25-30 жыл бойы жиналған қазақ кілемдері мен жиһаздары.
Ұсынылған этнографиялық заттардың және автордың туындыларының барлығында қандай да бір белгілер мен таңбалар бар. Сержан Бәшіров олардан күш-қуат, шабыт алады. Ежелгі таңбаларға негізінен күн, от, крест, спираль таңбалары жатады.
Бейбітшілік және Келісім Музейі
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V Съезінің жабылуында сөйлеген сөзінде қызметі әлемдік қоғамдастықтың тарихын, диалогын және мәдениетін ғылыми зерделеуге бағытталған «Бейбітшілік және келісім музейін» құру бастамасын атап өтті.
Көрме экспозициясы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерінің хроникасын ашады. Мұнда Съезге қатысушылардың барлық палитрасын ашатын мұрағаттық құжаттар, фотоматериалдар, бейнефильмдер, кітаптар мен кәдесыйлар ұсынылған.
Атриум
Алдыңғы баспалдақтар арқылы үшінші қабаттағы ауданы бойынша ең үлкен зал – 2783,6 шаршы метрлік «Атриум» залына өтесіз. Залды айнала ішке дала жарығын түсіретін терезелер орналасқан. Бірнеше қыртысты қабаттан тұратын витражды әйнектердің қалыңдығы 4,5 сантиметрді құрайды. Әйнек қабаттарының арасында ғимараттың мәнін тереңдете айшықтайтын көгершіндер бейнеленген торлы қабат бар. Атриум залында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі, хатшылығының, сондай-ақ Конституциялық Кеңес жиналысының отырыстары өткізіледі.
2015 жылғы 11 маусымда өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V Съезінде Мемлекет басшысы Бейбітшілік және келісім музейін құру идеясын ұсынды. 2018 жылы VI съезді өткізу аясында сол музей ашылды.
- 1-зал – «Ұлы дала – мәдениеттер мен діндер диалогының қиылысы»
- 2-зал – «Қазақстан халқы Ассамблеясы – бірлік пен келісімнің символы»
- 3-зал – «Дінаралық диалог: әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері»
- 4-зал – «Заманауи жаһандық рухани дипломатияның көшбасшылары»
- Орталық зал – «Қазақстан – бейбітшілік пен келісім аумағы»
«Құланшы» заманауи өнер орталығы
«Бесік» залы
Қысқы бақ
«BalaTime» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық студиясы
«BalaTime» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық студиясы 2021 жылдың маусым айынан бастап жұмыс істейді. Директоры Яна Евгеньевна Чигарькова болып табылады.
Студия бағдарламасында балалар 4-18 жас аралығында тегін хор, хореография, шешендік өнер, вокалдық ансамбль, эстрадалық вокал, актерлік өнер, көркем оқу, көркем гимнастика, кескіндеме, гид-экскурсия жетекшісі, домбыра, балет, пернелі аспапта ойнау, каратэ, шахмат және т.б. бағыттарда шұғылданады.
«BalaTime» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық студиясы 2021 жылдың маусым айынан бастап жұмыс істейді. Директоры Яна Евгеньевна Чигарькова болып табылады.
Студия бағдарламасында балалар 4-18 жас аралығында тегін хор, хореография, шешендік өнер, вокалдық ансамбль, эстрадалық вокал, актерлік өнер, көркем оқу, көркем гимнастика, кескіндеме, гид-экскурсия жетекшісі, домбыра, балет, пернелі аспапта ойнау, каратэ, шахмат және т.б. бағыттарда шұғылданады.
«BalaTime» жастарға патриоттық, толерантты, моральдық-адамгершілік тәрбие берудің маңызды және қажетті міндетін орындайды.
Студия педагогтерінің ұраны: «Әрбір мұғалімде баланың кішкентай ұшқыны жарқырап, ешқашан өшпеуі тиіс».
«BalaTime» ұжымдары қалалық, республикалық және халықаралық ауқымдағы түрлі концерттерде, конкурстарда, фестивальдерде өнер көрсетеді.
Байланыс:
Директор: Яна Евгеньевна Чигарькова – +77017792422
Әкімгер: Әсем Еренғайыпқызы Қайырғалиева – +77013474056
Instagram: @detskaya_stusia_astana