logo

Сыбайлас жемқорлықты алдына алу жоспары талқыланды

«Astana Venue Management» ЖШС 2024 жылға арналған жұмыс жоспарлары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларды талқылау бойынша жиналыс өтті.

Сөз сөйледі Д. Якупов, кәсіпорынның комплаенс-офицері, ол Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде әзірленген комплаенс-офицердің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.

Түсіндіру жұмысы барысында Астана қаласы әкімдігінің «Astana Venue Management» ЖШС жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың ағымдағы 2024 жылға арналған басты бағыттары айтылды.

Қызметкерлердің назарына комплаенс-қызметтің 2023 жылы атқарған жүмысының қортындысы бойынша ақпарат ұсынылды.

Қызметкерлерге мекемеде лауазымдық міндеттерін атқару кезінде өздеріне жүктелген жемқорлыққа қарсы шектеулерді қатаң сақтау туралы тағы да ескертілді.

Осындай шектеулердің бірі, оларды ұсынған адамдардың пайдасына іс- әрекеттері (әеркетсіздігі) үшін материалдық сыйақы, сыйлықтарды немесе қызметтерді қабылдау болып табылады.

«Пара» деген терминді, әдетте азаматтар артықшылық алу, қызметті кезектен тыс, тіпті тиісті құжаттарды тексерусіз тез ресімдеу үшін ақша беру деп түсінеді. Алайда материалдық сыйлықтар да (гүл, шоколад т.б.) парага жатады. Пара берушінің жауапкершілігінің мөлшері олардың қүнына байланысты болады.

ҚР Әкімшілік кодексінің (ӘҚБтК) 676-бабына сәйкес кез келген сыйлықтар, жеңілдіктер және тіпті қызметтер заңсыз материалдық сыйақы (пара) болып саналады.

Бүл ретте ҚР Қылмыстық кодексінің (ҚК) 367-бабына ескертпеде қүны ағымдағы жылға 2 АЕК- 7384 теңгеден аспайтын сыйлықтар қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайтыны атап өтілген.

Ұжым арасында жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру қажеттілігі және үжымның жемқорлыққа мүлдем төзбеушілігі туралы ақпарат айтылды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы Заңның (бүдан әрі қарай – Заң) 1 – бабының 4) тармақшасына сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқару функцияларын орындайтын адам мемлекеттік функцияларды орындау уәкілеттігі бар адамдарға теңестірілген.