ҚЫЗМЕТТІК ӨКІЛЕТТІКТЕРДІ ЖЕКЕ, ТОПТЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТТІК ЕМЕС МҮДДЕЛЕРДЕ ПАЙДАЛАНУҒА ӘКЕП СОҒУЫ МҮМКІН ІС-ӘРЕКЕТТЕРДІ ЖАСАУҒА ЖОЛ БЕРМЕУ ТУРАЛЫ
2022 жылғы 27 маусымда «Astana Venue Management» ЖШС қызметкерлерінің алдында комплаенс-офицер Д.А. Якупов қызметтік өкілеттіктерді жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануға әкеп соғуы мүмкін іс-әрекеттерді жасауға жол бермеу туралы баяндама жасады.
Сондай-ақ, ол лауазымды адамдардың өздерінің жақын туыстарымен (ата-аналары (ата-анасы), балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері), жұбайы (зайыбы) мен оның туыстары (аға-інілері, апа-сіңлілері, ата-аналары мен балалары) бір бөлімшеде болуына немесе – егер бөлімшелер әртүрлі болса – лауазым олардың жақын туыстары атқаратын лауазымдарға функционалдық (бизнес-процестер бойынша) тұрғыда байланысты болса, оған жол берілмейтінін атап өтті.
Баяндамашы мұндай іс-әрекеттер мүдделер қақтығысына алып келетінін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу болып табылатынын атап өтті.
Сондай-ақ, ол әр сәрсенбі күні сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін Серіктестіктің Бас директоры серіктестік қызметкерлерін жеке мәселелері бойынша, сондай-ақ Серіктестік жұмысын жақсарту бойынша өзгерістер енгізу мәселелері бойынша қабылдайтынын еске салды.
Сонымен қатар, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізгі ережелері түсіндірілді.