logo

«Бәйтерек» монументіндегі жүріп-тұруы шектеулі топтарға арналған ақпарат

Мүгедектігі бар адамдар мен ЖТШТ (жүріп-тұруы шектеулі топтар) үшін қолжетімді қызметтер тізбесі:

Монумент аумағында қолжетімділікті қамтамасыз ету шаралары іске асырылуда, оның ішінде жеңілдікпен бару жағдайларын ұсыну, жауапты қызметкерлердің сүйемелдеуін ұйымдастыру, арнайы көтергіш жабдықтарды пайдалану, сондай-ақ нысан ішінде кедергісіз қозғалысты қамтамасыз ететін инфрақұрылым элементтерінің болуы.

Мүгедектігі бар адамдар мен ЖТШТ-ға қызмет көрсету тәртібі:

Келудің барлық кезеңдерінде ЖТШТ-ны сүйемелдеу қамтамасыз етіледі:

  • Сүйемелдеуді жауапты қызметкер дабыл түскен сәттен бастап жүзеге асырады.
  • Қызметкер келушіні кіреберісте күтіп алады, оның қажеттіліктері мен қозғалыс бағытын нақтылайды.
  • Кіру кезінде, көтергіш құрылғылар мен лифтілерді пайдалануға көмек көрсетіледі. Нысан бойынша, оның ішінде шынжыр табанды көтергішті пайдалана отырып (қажет болған жағдайда) жоғарғы деңгейге көтерілуді қоса алғанда, қауіпсіз қозғалыс қамтамасыз етіледі.
  • Қызметкер келушіні қарап шығудың барлық кезеңдерінде сүйемелдейді, қажет болған жағдайда отыруға/түсуге және нысан ішінде бағдарлануға көмектеседі. Сапар аяқталғаннан кейін шығуға немесе көлік құралына дейін сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.
  • Нысанның клиенттерге қызмет көрсету қызметінде мүгедектігі бар адамдарға басымдықпен қызмет көрсету қарастырылған. Келушілерге қызметкерлер тарапынан ақпараттық және консультациялық қолдау көрсетіледі.
  • Негізгі қозғалыс бағыттары бойынша еркін өтуді және бару аймақтарында уақытша кедергілердің болмауын бақылау қамтамасыз етіледі. Қажет болған жағдайда сұраныс бойынша нысан қызметкерлері келушілерді жеке сүйемелдеуді ұйымдастырады.
  • Нысан персоналы мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына нысанға баруға байланысты барлық мәселелер бойынша, оның ішінде қозғалыс тәртібі, қолжетімді қызметтер мен болу шарттары туралы толық және егжей-тегжейлі ақпарат беруді қамтамасыз етеді.

Мүгедектігі бар адамдардың әрбір санаты үшін жағдайлық көмек көрсетудің кепілдендірілген уақытын көрсете отырып, жағдайлық көмек көрсету тәртібі:

Санаттар Көмек көрсету тәртібі Кепілдендірілген уақыт
Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар (оның ішінде кресло-арбадағылар) – Кіреберісте күтіп алу, шақыру түймесін басу;

 

– Ғимарат бойынша сүйемелдеу;

 

– Көтерілу/түсу, есіктерді ашу кезінде көмектесу;

 

– Қажет болған жағдайда — кресло-арба немесе ассистент ұсыну.

Шақырған/жүгінген сәттен бастап
Көру қабілеті бұзылған адамдар – Кіреберісте күтіп алу және ауызша ақпарат беру;

 

– Маршрутты сөзбен сипаттай отырып сүйемелдеу;

 

– Құжаттарды рәсімдеуге көмектесу.

Жүгінген сәттен бастап.

 

Сүйемелдеу — барлық қызмет көрсету барысында.

Есту қабілеті бұзылған адамдар – Визуалды ақпараттандыру (табло, нұсқағыштар). 5 минутқа дейін (байланыс құралдарын іздеу қажеттілігін ескере отырып).
Зияткерлік және психикалық бұзылыстары бар адамдар – Жеке сүйемелдеу;

 

– Қызметкер келушіні қарап шығудың барлық кезеңдерінде сүйемелдейді, қажет болған жағдайда отыруға/түсуге және нысан ішінде бағдарлануға көмектеседі. Сапар аяқталғаннан кейін шығуға немесе көлік құралына дейін сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

Сүйемелдеу — қызметті алу аяқталғанға дейін.
I топтағы мүгедектігі бар адамдар – Кіреберісте күтіп алу, шақыру түймесін басу;

 

– Нысандарға барғанда және қызмет алғанда сүйемелдеу.

Келген кезде дереу.

Мүгедектігі бар адамдар мен ЖТШТ үшін ұйым қызметтерінің құны (ақылы негізде көрсетілген кезде) және төлеу шарттары:

  • І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға, сондай-ақ І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарды сүйемелдейтін 1 (бір) адамға – кіру тегін.
  • ІІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарға растайтын құжаттарды көрсеткен кезде кіру билеті құнының 50% мөлшерінде жеңілдік беріледі.

Қызметтердің сапа параметрлері:

  • Монумент штатында мүгедектігі бар адамдарға нысанға бару кезінде көмек көрсететін екі кезекші қызметкер жұмыс істейді.
  • Экскурсия бөлімінің және күзет қызметінің мамандары да мүгедектігі бар адамдарды сүйемелдеуге және көмек көрсетуге қатысады.
  • Кресло-арбадағы келушілердің ыңғайлылығы үшін Қонаев көшесі жағынан нысанға кіруді қамтамасыз ететін көтергіш платформа орнатылған.
  • Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарын Монументтің шыңына (шарға) көтеру үшін үнемі техникалық қызмет көрсетуден өтетін және әрдайым жұмыс жағдайында болатын шынжыр табанды көтергіш орнатылған.
  • Адамдарды, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауды қамтамасыз ететін екі лифт бар.
  • Монументтің бірінші қабатында мүмкіндігі шектеулі жандарға қойылатын барлық талаптарға толық сәйкес келетін санитарлық торап орналасқан.
  • Қызмет көрсету уақыты: Шақырған/жүгінген сәттен бастап шығуға немесе көлік құралына дейін сүйемелдеуге дейін.
  • Қызмет көрсету уақытының ұзақтығы: (мәліметті қажетіне қарай қосасыз)

Ұйымның мүгедектігі бар адамдар мен ЖТШТ-ға қызмет көрсету кезінде ұсынатын жайлылық жағдайлары:

  • Достық көшесі жағынан бас кіреберіс арнайы даярланған персоналдың сүйемелдеуімен есту, көру, тірек-қимыл аппараты, ментальді бұзылыстары бар ЖТШТ үшін қолжетімді. Қонаев көшесі жағынан кресло-арбадағы мүгедектігі бар адамдар үшін кіру қамтамасыз етілген, өйткені Қонаев көшесі жағында көлденең электрлі мүгедектер көтергіші орналасқан.
  • Демалыс аймағы бірінші қабатта бас кіреберісте орналасқан. ЖТШТ үшін қолжетімді.
  • Бас холға кіреберістегі есіктердің ені – 100 см. Даярланған персоналдың сүйемелдеуімен қолжетімді.
  • Касса бас холға кіреберісте орналасқан. Кассалық бағанның биіктігі – 117 см.
  • Гардероб бас холға кіретін есіктің сол жағында орналасқан. Гардероб есігінің ені – 73 см, биіктігі – 85 см. ЖТШТ үшін қолжетімді.
  • Туристік ақпараттық орталық бар.
  • Кәдесый өнімдері бірінші қабатта орналасқан. Сөренің биіктігі – 95 см. ЖТШТ үшін қолжетімді.
  • Бірінші қабаттағы лифт көтерілісте орналасқан. Ені – 100 см. Тереңдігі – 235 см.
  • Бірінші қабаттағы лифтілерге көтерілетін пандустың ұзындығы – 2 м. Пандустың көлбеулігі 18.3%, даярланған персоналдың сүйемелдеуімен ЖТШТ үшін қолжетімді.
  • Кофехана екінші деңгейдегі Панорамалық аймақта орналасқан. Сөренің биіктігі – 95 см. ЖТШТ үшін қолжетімді.
  • Нысанның жоғарғы деңгейіне кіру Панорамалық залдан баспалдақпен қамтамасыз етілген. Жоғарғы деңгейде лифт қарастырылмаған. Кресло-арбадағы ЖТШТ-ның жоғарғы деңгейге қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін шынжыр табанды көтергіш пайдаланылады. «Шар» аймағында ЖТШТ үшін кедергілер жоқ. Даярланған персоналдың сүйемелдеуімен ЖТШТ үшін қолжетімді.
  • «Аялы-Алақан» композициясының стенд аймағы даярланған персоналдың сүйемелдеуімен ЖТШТ үшін қолжетімді.

Мүгедектігі бар адамдар мен ЖТШТ үшін қолжетімді сервистік қызметтер:

  • Шынжыр табанды көтергішті пайдаланған кезде өзіңіздің кресло-арбаңызды жалғау мүмкіндігі бар.
  • Мүгедектігі бар адамдарға арналған дәретхана бөлмесі. Өлшемі: Дәретхана бөлмесі ойығының ені (94 см). Ойық кеңістігі есіктің іс жүзіндегі бос енін, яғни мүгедектер арбасының өтуіне мүмкіндік беретін енді білдіреді. Санузелден раковинаға дейінгі қашықтық – 150 см. Дәретхана бөлмесі бірінші қабатта орналасқан. Көмек шақыру түймесі ыңғайлы орналасқан. Унитаз алдындағы еденнің ұзындығы (унитаздың алдыңғы бөлігінен ең жақын кедергіге дейін) – 130 см. Еденнен унитаз отырғышының биіктігі – 50 см. Ені мен биіктігі кресло-арбадағы мүгедектігі бар адамның өтуіне мүмкіндік береді.

Іргелес аумақ бойынша мүгедектігі бар адамдар мен ЖТШТ-ның қолжетімді қозғалыс маршруттарының схемасы:

  • Тұрақ орнынан бас кіреберіске дейінгі қашықтық – 100 м.
  • Тұрақ орнынан кресло-арбадағы мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді кіреберіске дейінгі қашықтық – 140 м.

 

Нысан бойынша мүгедектігі бар адамдар мен ЖТШТ-ның қолжетімді қозғалыс маршруттарының схемасы:

Анықтама және жағдайлық көмек алу үшін байланыс телефондары

Қажетті анықтамалық ақпаратты қолжетімді түрде алу, сондай-ақ қызметкерді шақыру үшін келесі байланыс нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз:

Телефон: +7 (7172) 44-64-72