Компания туралы
«Astana Venue Management» ЖШС – елорда әкімдігінің 100% қатысуымен құрылған, Астана қаласының «Бейбітшілік және келісім сарайы», «Астана-Бәйтерек» монументі сияқты ең ірі мәдени нысандарын басқаратын бірыңғай басқарушы компания.

«Astana Venue Management» ЖШС басқарушы компаниясы қызметінің мақсаты – кәсіпкерлерге, жалға алушыларға және өзге де тұлғаларға коммерциялық және басқа да қызметтерді ұсыну, сонымен қатар мәдени нысандар мен келушілердің өзара іс-қимылы үшін жаңа мүмкіндіктер ашу болып табылады.
«Astana Venue Management» ЖШС менеджменті мен қызметкерлер ұжымы оң және жедел нәтижелер көрсетуде. Олар елорда әкімдігі тарапынан қойылатын талаптарды, жергілікті жерлердегі ағымдағы жағдайды терең түсінеді, ал міндеттерді шешудегі практикалық тиімді тәжірибесін пайдалы деп санауға болады.
«Astana Venue Management» ЖШС командасының практикалық тәжірибесіне қатысты келесідей қорытынды жасауға болады: Серіктестік меншік иесі – елорда әкімдігінің мүддесі үшін нысандарды талдау мен дамытуға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізді.
Осылайша, «Astana Venue Management» ЖШС коммуналдық меншік нысандарын дамытудың стратегиялық құралдарын әзірлеуге қабілетті тиімді басқарушы компания ретінде танылды. Осыған байланысты, «Astana Venue Management» ЖШС алдағы уақытта тиімді басқаруды қажет ететін спорт, мәдениет және басқа да салалардағы кез келген «проблемалық» кәсіпорындар мен нысандарды сенімгерлік басқаруға алуға дайын. Компанияның басты бәсекелестік артықшылықтарына оның зор әлеуеті, бай тәжірибесі және қызмет көрсетудің жоғары сапасы жатады.




