logo

«KEBEJE» көшпелі қазақ тұрмысының антикварлық заттарының көрмесі

alt

Екінші қабатта ұсынылған көрмеге мүсінші, зергер, суретші және коллекционер Сержан Бәшіровтың жұмыстары қойылған

Екінші қабатта ұсынылған көрмеге мүсінші, зергер, суретші және коллекционер Сержан Бәшіровтың жұмыстары қойылған. Бұл негізінен ағаштан, жануарлардың сүйектері мен терісінен жасалған шағын халық инсталляциялары, шебердің өз қолымен жасаған туындылары, сондай-ақ еліміздің түпкірлерінен 25-30 жыл бойы жиналған қазақ кілемдері мен жиһаздары.

Ұсынылған этнографиялық заттардың және автордың туындыларының барлығында қандай да бір белгілер мен таңбалар бар. Сержан Бәшіров олардан күш-қуат, шабыт алады. Ежелгі таңбаларға негізінен күн, от, крест, спираль таңбалары жатады.