logo

Опера залы

alt

Опера залы – Бейбітшілік және Келісім cарайының мақтанышы. Әлемдік стандарт талаптарына жауап беретін бұл зал өзінің сәулеті бойынша бірегей болып табылады.

Опера залында съездер, конференциялар, театр қойылымдары, эстрадалық, классикалық және басқа да концерттер өткізіледі. Зал 1265 орынға арналған – партер, бельэтаж және екі балконнан тұрады. Опера залы басты сахна (56 штанкетпен жабдықталған), екі бүйір және артқы сахна сияқты бір-біріне тәуелсіз бөліктерден құралған күрделі сахнадан тұрады. Сахнаның алдыңғы бөлігінде 80 музыкантты орналастыруға арналған оркестрлік шұңқыр орналасқан. Шұңқырдың алдыңғы және бергі болып бөлінетін екі тәуелсіз платформасы қойылымдық қажеттілік бойынша түсіріліп, көтеріледі. Оркестрлік шұңқырдың тереңдігі – 2,8 метр. Сахнаның ені – 12 метр, артына қарай тереңдігі – 32 метр, биіктігі – 8 метр. Сондай-ақ, опера залы үш қабатта орналасқан 15 грим бөлмесіне ие. Грим бөлмелері айна, жұмсақ жиһаз және дәретхана мен душ бөлмелерімен жабдықталған. Залдың ішкі көрінісі алтын әрленген қызыл күрең түсті. Залдың дизайнындағы ең әдемі элемент – зал үстіндегі күн түрінде жасалған күмбез.