logo

«PONY STUDIO» МУЗЫКА МЕКТЕБІ

alt

«Pony Studio» музыка мектебі (бұрынғы «Astana Music Studio») 2008 жылдан бастап балалар мен ересектерді вокалдық шеберлікке үйретеді. Осы уақыт ішінде біздің студенттер теледидарда өнер көрсетті, Spotify, Apple Music, Yandex.Music сияқты танымал сандық платформаларда синглдерді шығарды. Біз үнемі жетіліп, шәкірттерімізді жаңа деңгейге көтереміз.

Сабақтар арнайы бағдарлама бойынша өткізіліп, соның арқасында балалар сабаққа деген қызығушылығын жоғалтпайды және зорығып, жалықпайды. Барлық нәтижелер тіркеледі және біз оларды @ponystudio.kz Instagram аккаунтымызда қуана бөлісеміз. Сондай-ақ, біз ата-аналарға өздерінің талантты балаларының жетістіктеріне куә болуы үшін жиі концерттер өткіземіз.

Егер балаларыңызда музыкалық дарын байқасаңыз, арнайы мемлекеттік мекеме іздеп, жүгірудің қажеті жоқ: бүкіл өркениетті әлемде жеке музыкалық білім беру желісі дамыған, ол сапа жағынан көбіне асып түспесе, төмен емес… Бұл ең алдымен заманауи эстрадалық музыкаға (академиялық классикаға емес) қатысты. Мұндай студия Астанада да бар, бұл – жоғары музыкалық білімі және бейінді сахналық дағдылары бар оқытушылар тобынан құралған «Pony Studio» мектебі.

Сайт: https://ponystudio.kz/

Instagram: ponystudio.kz

E-mail: astanamusicstudio@gmail.com

Байланыс: + 7 775 994 55 53