logo

ЗАМАНАУИ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ БИ ФЕДЕРАЦИЯСЫ

alt

Қазақстан Республикасының заманауи және спорттық би федерациясы 2009 жылы Қазақстан Республикасында би спорты мен заманауи билерді дамыту мақсатында құрылды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінде аккредиттендірілген.

Спорттық және заманауи хореография саласындағы ең үлкен құрылым әртүрлі би бағыттары мен стильдерінің көптеген түрлерін дамытуда.

Олардың ішінде:

·      Би спорты – спорттық би, акробатикалық Рок-н-Ролл, заманауи және эстрадалық билер, спорттық-би хореографиясы;

·      Паралимпиадалық спорт түрі – арбадағы спорттық би.

Команданың мақсаты:

·      Салауатты өмір салтын дамыту, насихаттау және спорт пен өнерге баулу;

·      Қазақстанда би спортын спорт түрі ретінде дамыту және насихаттау;

·      Спорттық және мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

·      Мәдени-ағарту қажеттіліктерді қанағаттандыру және бидің барлық түрлері бойынша халықаралық және республикалық ережелерге сәйкес жаттықтырушылар мен судьяларды оқыту;

·      Бұқаралықты арттыру мақсатында халық арасында би спортын насихаттау;

·      Қазақстан Республикасы құрама командаларының спортшы-мүшелерін даярлау.

kazdancesport.kz

Instagram: @roofsst

Байланыс: 8 701 311 59 71