logo

Атриум

alt

Алдыңғы баспалдақтар арқылы үшінші қабаттағы ауданы бойынша ең үлкен зал – 2783,6 шаршы метрлік «Атриум» залына өтесіз. Залды айнала ішке дала жарығын түсіретін терезелер орналасқан. Бірнеше қыртысты қабаттан тұратын витражды әйнектердің қалыңдығы 4,5 сантиметрді құрайды.  Әйнек қабаттарының арасында ғимараттың мәнін тереңдете айшықтайтын көгершіндер бейнеленген торлы қабат бар. Атриум залында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі, хатшылығының, сондай-ақ Конституциялық Кеңес жиналысының отырыстары өткізіледі.

2015 жылғы 11 маусымда өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V Съезінде Мемлекет басшысы Бейбітшілік және келісім музейін құру идеясын ұсынды. 2018 жылы VI съезді өткізу аясында сол музей ашылды.

  • 1-зал – «Ұлы дала – мәдениеттер мен діндер диалогының қиылысы»
  • 2-зал – «Қазақстан халқы Ассамблеясы – бірлік пен келісімнің символы»
  • 3-зал – «Дінаралық диалог: әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері»
  • 4-зал – «Заманауи жаһандық рухани дипломатияның көшбасшылары»
  • Орталық зал – «Қазақстан – бейбітшілік пен келісім аумағы»