logo

«АЛАН» ГИМНАСТИКА АКАДЕМИЯСЫ

alt

«Алан» гимнастика академиясы 2016 жылы құрылған. Біз салауатты, күшті және үйлесімді дамыған жас ұрпақты тәрбиелеу мақсатында Астана қаласында көркем және эстетикалық топтық гимнастиканы дамытудамыз.

Біз «Астана қаласының көркем гимнастика федерациясы» ҚБ және «Астана қаласының эстетикалық топтық гимнастика федерациясы» ҚБ мүшелеріміз.

Мақсат:

– Салауатты өмір салтын дамыту және насихаттау, спортқа баулу;

– Көркем және эстетикалық топтық гимнастиканы спорт түрі ретінде дамыту және насихаттау;

– Спорттық және мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

– Бұқаралықты арттыру мақсатында осы спорт түрін халық арасында насихаттау;

– Қазақстан Республикасы құрама командаларына мүшелікке спортшылар даярлау.

Біз өз бапкерлеріміз бен тәрбиеленушілерімізді мақтан тұтамыз.

Біздің ұжымда халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, спорт шеберлері, спорт шеберлігіне кандидаттар болып табылатын кәсіби және талантты жаттықтырушы-педагогтар жұмыс істейді, біздің барлық жаттықтырушыларымыздың спорт түрлері бойынша төрешілік санаттары бар.

Бізде патенттелген бағдарлама және сауатты әдістеме бар. Біз жыл сайын жарыстарға қатысатын және Олимпиадалық резерв мектептеріне іріктеуден өтетін білікті және сұранысқа ие спортшыларды дайындаймыз.

Біздің спортшылар Астана қаласының құрама командасына және спорттың екі түрі бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасына кіреді. Біз 30-дан астам спорт шеберіне үміткер тәрбиеледік. Халықаралық турнирлер мен жарыстарға қатысамыз және жеңеміз.

Бізде жаттығатын шәкірттер қашан да жақсы нәтижеге жетеді.

Instagram: @alan_gimnastics_academy

Ақпаратты нақтылау үшін байланыс: 8 701 096 88 98