logo

«Astana Venue Management» ЖШС сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы

2024 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларды талқылау бойынша жиналыс өтті.

Серіктестіктің бас директоры М. Т. Хасенов мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге және серіктестік қызметкерлеріне жүгінді.

Объектілерді жауапты мемлекеттік іс-шараларды өткізуге дайындауға байланысты серіктестік ғимаратты, инженерлік желілерді жөндеу, қажетті тауарларды сатып алу бойынша белсенді жұмысты бастады.

Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын еске салып, жеткізу шарттарының тараптарын шарттар бойынша орындауды қабылдағаны үшін бопсалауға және заңсыз сыйақы беруге жол бермеу туралы қатаң ескертті.

Мұндай жағдайлар туындаған жағдайда серіктестіктің компалаенс-офицеріне және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жеке өзі жүгіну қажеттігі туралы хабарлады.

Д. Якупов, Кәсіпорынның комплаенс-офицері қызметкерлерге мекемеде лауазымдық міндеттерін атқару кезінде өздеріне жүктелген жемқорлыққа қарсы шектеулерді қатаң сақтау туралы тағы да ескертілді.

Осындай шектеулердің бірі , оларды ұсынған адамдардың пайдасына іс-әрекеттері (әеркетсіздігі) үшін материалдық сыйақы, сыйлықтарды немесе қызметтерді қабылдау болып табылады .

«Пара» деген терминді, әдетте азаматтар артықшылық алу, қызметті кезектен тыс, тіпті тиісті құжаттарды тексерусіз тез ресімдеу үшін ақша беру деп түсінеді. Алайда материалдық сыйлықтар да (гүл, шоколад т.б.) параға жатады. Пара берушінің жауапкершілігінің мөлшері олардың құынына байланысты болады.

Жиналыс қортындысы бойынша (Шешім қабылданды) :

  1. Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне нөлдік төзімділікті қамтамасыз ету;
  2. Ұжым арасындағы кез келген сыбайлас жемқорлық сипатының көріністері немесе мүдделер қақтығысы туралы дереу хабарлау.
  3. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізу шартының сапалы орындалуын қамтамасыз ету.