logo

«Astana Venue Management» ЖШС-дегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар туралы

«Astana Venue Management» ЖШС-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар талқыланған жиналыс өткізілді.

СӨЗ СӨЙЛЕДІ: Серіктестіктің Бас директоры М.Т. Хасенов мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өнім берушілерге және серіктестік қызметкерлеріне арнап сөз сөйледі.

Объектілерді жауапты мемлекеттік іс-шараларды өткізуге дайындауға байланысты, серіктестік ғимаратты, инженерлік желілерді жөндеу, қажетті тауарларды сатып алу бойынша белсенді жұмысты бастады.

Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын еске салып, жеткізу шарттарының тараптарына шарттар бойынша орындауды қабылдағаны үшін бопсалауға және заңсыз сыйақы беруге жол берілмейтіні туралы қатаң ескертті.

Осындай жағдайлар туындаған кезде жеке өзіне, серіктестіктің комплаенс-офицеріне және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгіну қажеттігі туралы хабарлады.

Серіктестіктің комплаенс-офицері Д.А. Якупов қызметкерлерге лауазымдық міндеттерін орындау кезінде өз мойнына алған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қатаң сақтау туралы ескертті.

Мұндай шектеулердің бірі – егер бұл әрекеттер адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне кіретін болса, оларды ұсынған адамдардың пайдасына жасалған әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе қызметтер алу болып табылады.

Азаматтар арасында «пара» термині әдетте артықшылыққа ие болу, қызметті кезектен тыс немесе тіпті тиісті құжаттарды тексерусіз тез рәсімдеу үшін тек ақша беру ретінде ғана қабылданады.

Жиналыс қорытындысы бойынша (Шешім қабылданды):

  1. Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қамтамасыз ету;

  2. Ұжым арасындағы сыбайлас жемқорлық сипатындағы кез келген көріністер немесе мүдделер қақтығысы туралы дереу хабарлау;

  3. Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету шарттарының сапалы орындалуын қамтамасыз ету.