20 Мамыр
Қазақстандық өндірушілердің «ULTTYQ ÓNIM» көрмесі
«Қазақстанда не шығады?» деген сауалға жауап іздесеңіз және қазақстандық кәсіпкерлер шығарып жатқан өнімдерді сатып алып, өзіңіз бармаған өңірлерде шығатын тағамдардан дәм татып, отандық дизайнерлердің киім сапасын сараптағыңыз келсе, келесі уикэндте Тәуелсіздік сарайына келіңіз. Пайдалы талай мәлімет алып, қоржыныңыз бос қайтпайтынына сеніміміз мол!
20-22 мамыр күндері «ULTTYQ ÓNIM» көрмесіне келіңіз!
Мекенжай: Тәуелсіздік даңғ., 52. Кіру тегін.