logo

«Astana Venue Management» ЖШС сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру

 

Астана қаласы                                                                                                                                                                    19 мамыр 2025 ж.         

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (СТІТ) жүргізу кестесіне сәйкес 2025 жылғы 27 наурызда «Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ бекіткен Астана қаласының квазимемлекеттік ұйымдарында және 2025 жылға арналған №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 2 маусымынан бастап 15 шілдесіне дейін «Astana Venue Management» ЖШС (бұдан әрі  – Серіктестік) қызметінің СТІТ өткізілетін болады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген өткізудің үлгілік ережелеріне сәйкес СТІТ мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:

1) Серіктестіктің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Серіктестіктің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Серіктестік қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібіне қатысты мәселелер бойынша келесі телефон арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: +7 775 888 53 25 (Серіктестік қызметінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бас маманы)