logo

«Astana Venue Management» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы аңдатпа!

«Astana Venue Management» ЖШС «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 ТБН жобаларын орындау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес серіктестіктің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелеріне жария талқылауды өткізуді жоспарлап отыр.

«Astana Venue Management» ЖШС қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау екі бағытта жүргізілді:

1) «Astana Venue Management» ЖШС қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) «Astana Venue Management» ЖШС ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Осыған байланысты, барлық ниет білдірген тұлғалардан осы талқылауға 23.05.2024 жылы сағат 15:00-де қатысуды сұраймыз. Мекен-жайымыз: Астана қ., Тәуелсіздік даңғ. 57, каб. 704.