logo

«ASTANA VENUE MANAGEMENT» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНДЕ ҰЖЫМНЫҢ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ, ОНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК КОДЕКСІНІҢ ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ МӘСЕЛЕСІ ТЫҢДАЛДЫ.

Серіктестіктің кадр қызметінің басшысы Ш.Б. Мукаева 2015 жылдың 23 қарашасындағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасауға кінәлі адамдардың квазимемлекеттік сектор субъектілерінде жұмыс істеуіне жол бермеу талаптары туралы ақпаратпен баяндама жасады.

Атап айтқанда, 26-баптың 2-тармағы, 2-тармақшасына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналастыруға жол берілмейді.

Сондай-ақ, 32-баптың 3-тармағында азаматтық қызметке, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналасу кезінде, адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.

Сонымен қатар, 52-баптың 1-тармағы, 21-тармақшасына сәйкес, қызметкермен еңбек шарты Жұмыс берушінің бастамасы бойынша қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, заңды күшіне енген сот актісіне сәйкес, одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігін болдырмайтын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайларда бұзылуы мүмкін деп белгіленген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің комплаенс-офицері Д.А. Якупов, сондай-ақ 143-1-бапқа сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары қолданылатын адамдардың еңбегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктермен Еңбек кодексімен реттелетінін хабарлады.

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мақсатында ай сайын кездесулер өткізіліп, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың ережелері түсіндіріледі. Қажет болған жағдайда, еңбек және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын тиісінше орындауға байланысты барлық мәселелер бойынша кеңес беруге дайын екендігін еске салды.