logo

Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін «Бейбітшілік және Келісім Сарайына» кіру

alt

«Бейбітшілік және Келісім Сарайы» (бұдан әрі – Сарай) – Астана қаласының тарихы мен мәдениетінің ескерткіші – Елорда тұрғындары мен қонақтарының баратын орны болып табылады.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың Сарайға келуі үшін келесі жағдайлар қарастырылған:

  • Сарай ғимаратында болған уақыт барысында гидтер мен күзет қызметкерлері тарапынан қарсы алу және қолдау көрсету;
  • Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес Сарай бойынша экскурсияларға жеңілдіктер;
  • А. Байтұрсынов көшесі жағынан мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы ғимарат ішіне кіруге арналған автокөлік тұрағы орындарының болуы;
  • Ғимарат ішінде жүруге арналған арнайы мүгедектер арбаларының болуы;
  • Орталық кіреберісте және ең үлкен «Атриум» залында мнемосхемалардың болуы (3-қабат);
  • Лифттер (0-ден 8-қабатқа дейін – 4 лифт, 8-қабаттан «Бесік» залына дейін – 1 лифт);
  • Барлық қабаттарда тактильді жолдармен жабдықталған және жедел шақыру түймелері бар 9 дәретханалардың болуы.