15 Қыркүйек
ТӘУЕЛСІЗДІК САРАЙЫ ТАҒЫ ДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫНДАР ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛУДА
2022 жылғы 14-15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының астанасында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің VII отырысы өтті. Съездің басты тақырыбы: «Пандемиядан кейінгі кезеңде адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының рөлі».
Съезге әлемнің 50 елінен 108 делегация қатысты, олардың арасында ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, зороастризм, синтоизм өкілдерінен құралған Әлемдік және дәстүрлі діндердің рухани көшбасшылары, сондай-ақ саяси және қоғам қайраткерлері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар қауымдастығы болды.