logo

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒЫДАРЫ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ

«Astana Venue Management» ЖШС қызметкерлері үшін 2023 жылғы 8 қыркүйекте VIII сайланған Астана қаласы мәслихатының депутаттары – Ажикенова Мадина Берикболовна және Жолжақсынов Бекзат Досханұлы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыдары» Қазақстан халқына Жолдауының ережелерін түсіндірді.

Депутаттар партия мүшелерін Жолдаудың негізгі бағыттарымен таныстырып, әр бөлімге жеке тоқталды. Кеңеске қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауап алды. Мәселелердің басым көпшілігі тұрғын үй, балабақшалар, аулаларды абаттандыру және көгалдандыру, мектеп тапшылығы туралы болды.

         Талқылау соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің комплаенс-офицері Д.А. Якупов Жолдаудың табысты іске асырылуы қоғамның әрбір мүшесіне, атап айтқанда, сыбайлас жемқорлықты құбылыс ретінде қабылдамау мәдениетіне және оның кез келген көріністеріне нөлдік төзімділік принциптерін сақтауға байланысты екенін айтты.

Қажет болған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын тиісінше орындауға байланысты барлық мәселелер бойынша кеңес беруге дайын екендігін еске салды.