logo

Pop Up Store

alt

Елордадағы Бейбітшілік және Келісім Сарайында 11–12 шілде күндері алғаш рет Astana Pop Up Store – жергілікті дизайнерлердің басын қосатын жаңа қалалық фестиваль өтеді. Жоба бір алаңда сән, дизайн, гастрономия, музыка және кәсіпкерлікті біріктіреді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Екі күн ішінде Қазақстанның түрлі қалаларынан келген 50-ден астам бренд өз өнімдерін ұсынады. Олардың қатарында киім, аксессуарлар, зергерлік бұйымдар, интерьер заттары, косметика, үйге арналған тауарлар және авторлық жобалар бар.

Ұйымдастырушылар елорда тұрғындары мен қонақтарын қоса алғанда, жергілікті брендтер мен заманауи қалалық мәдениетке қызығушылық танытатын бірнеше мың келуші келеді деп күтеді.

Astana Pop Up Store – Қазақстандағы жергілікті бизнесті және креативті индустрияларды қолдауға бағытталған танымал жобалардың бірі – Almaty Pop Up Store командасының бастамасы. Соңғы жылдары жоба қазақстандық брендтер үшін маңызды алаңға айналып, оларға жаңа тұтынушылар табуға, өнімдерін сынақтан өткізуге және жаңа нарықтарға шығуға мүмкіндік беріп келеді.

Жобаның тең құрылтайшысы Мәдина Аман:

«Бүгінде жергілікті брендтер Қазақстанның жаңа мәдени және экономикалық болмысын қалыптастырып келеді. Біз өнім сапасының, дизайн деңгейінің және кәсіпкерлік амбицияның артып келе жатқанын көріп отырмыз. Astana Pop Up Store осы адамдардың – брендтер, сатып алушылар, серіктестер және жергілікті өндіріске сенетін барша азаматтың басын қосатын орын ретінде құрылып отыр», – дейді.

Дизайн-маркет аясында қонақтарға жергілікті дизайнерлік киімдер мен аксессуарлар, авторлық зергерлік бұйымдар, қолөнер сабыны мен косметикасы, сондай-ақ биоинженерлер мен заттық дизайнерлердің әзірлемелері ұсынылады. Олардың қатарында балдырдан жасалған былғары және саңырауқұлақ негізіндегі пенопласт сияқты экологиялық таза материалдардан жасалған өнімдердің прототиптері де бар.

Дизайн-маркеттен бөлек, фестиваль аумағында гастрономиялық аймақ, серіктестердің арнайы жобалары