Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі жоспарды талқылау
«Astana Venue Management» ЖШС-де комплаенстің 2024 жылға арналған жұмыс жоспары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар талқыланған жиналыс өткізілді.
Комплаенс-офицер Д.А. Якупов сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы шеңберінде әзірленген 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын ұсынды.
Түсіндіру жұмыстары шеңберінде «Astana Venue Management» ЖШС-де ағымдағы 2024 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың негізгі бағыттары айтылды.
Қызметкерлердің назарына комплаенс-қызметтің 2023 жылы атқарған жұмыс қорытындылары бойынша ақпарат жеткізілді.
Қызметкерлер Ұйым қабырғасында лауазымдық міндеттерін орындау кезінде өз мойнына алған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қатаң сақтау туралы кезекті рет ескертілді.
Осындай шектеулердің бірі – егер мұндай әрекеттер адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне кіретін болса, оларды ұсынған адамдардың пайдасына жасалған әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе қызметтер алу болып табылады.
Азаматтар арасында «пара» термині әдетте артықшылыққа ие болу, қызметті кезектен тыс немесе тіпті тиісті құжаттарды тексерусіз тез рәсімдеу үшін тек ақша беру ретінде ғана қабылданады.
Алайда материалдық сыйлықтар (гүлдер, шоколад және т.б.) да параға жатады. Олардың құнына пара берушінің өзінің жауапкершілік мөлшері байланысты болады.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ӘҚБтК) 676-бабына сәйкес, кез келген сыйлықтар, жеңілдіктер, тіпті қызметтер де заңсыз материалдық сыйақы (пара) болып саналады.
Бұл ретте ҚР Қылмыстық кодексінің (ҚК) 367-бабына ескертпеде құны 2 АЕК – ағымдағы жылға 7 384 теңгеден аспайтын сыйлықтар қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайтыны атап өтілген.
Ұжым арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және ұжымның сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілігі қажеттілігі туралы ақпарат атап өтілді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 1-бабының 4) тармақшасына сәйкес, квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқарушылық функцияларды орындайтын адам мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға жатады.




