logo
alt

Астана Бәйтерек

1997 жыл — Астананың мемлекеттің жаңа елордасы болып жарияланған жылы және сәйкесінше ел тарихының жаңа кезеңі басталған уақыт.

«Бәйтерек» — «Өмір ағашы» дегенді білдіреді, онда әлемдік әмбебап мифологиялық тұжырымдамалардың бірі көрініс тапқан. Монумент өзінің орналасуы мен композициялық құрылымы арқылы ежелгі көшпенділердің космогониялық түсініктерін білдіреді. Аңыз бойынша, әлемдер түйіскен жерде Әлемдік өзен ағып жатыр. Оның жағасында тамырымен жерді ұстап, бұтақтарымен аспанды тіреп тұрған өмір ағашы — Бәйтерек (қаз. «бәйтерек» — «терек», сондай-ақ «тірек, қорғаушы») бой көтерген. Бұл Өмір ағашы Ғаламның моделі болып табылады: «Бәйтеректің» тамыры — жерасты әлеміне, діңі — жерүсті әлеміне, ал ұшар басы (бұтақтары) — аспан әлеміне сәйкес келеді.

Бәйтерек құрылысының бастамашысы — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл бірегей ғимарат жобасының сәулетшісі — Ақмырза Рүстембеков.

2002 жылы «Бәйтерек» монументі ТМД елдері Сәулетшілер одақтарының халықаралық қауымдастығы (МАСА) конкурсының Гран-при жүлдесіне ие болды. Бәйтерек авторы қойылған мақсатқа қол жеткізіп, қазақ халқының ежелгі рухани мәдениеті мен елдің болашаққа деген ұмтылысын бейнелейтін заманауи технологиялар арасындағы үйлесімділікті көрсете білді.

ТЕХНИКАЛЫҚ
СИПАТТАМАЛАРЫ

2002 жылғы 29 тамыз
Салынған жылы
105 м
Құрылымның биіктігі
22 м
Шардың диаметрі
1 500 т
Құрылыстың салмағы
1 620 м²
Құрылыс ауданы

Келушілер назарына

  • 3 қабат
alt

Композиция «Аялы Алақан»

alt

Композиция «Бата»

ҒИМАРАТҚА
КІРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Жұмыс уақыты мен кестесі:

1 маусым – 31 тамыз – сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін

1 қыркүйек – 31 мамыр – сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін

Келу (кіру) құны:

Ересектер билеті – 2500 ₸

Балалар билеті (6-дан 15 жасқа дейін) – 1250 ₸

Жеңілдігі бар билет – 2000 ₸


Шетелдік көрмені аралаусыз экскурсиямен кіру билетінің құны (баруға арналған купонды ұсынған кезде):
10 немесе одан да көп адам экскурсиясы бар топтық билеттің құны*:

Ересектер үшін – 2 000 ₸

Балалар билеті (6-дан 15 жасқа дейін) – 1000 ₸

Жеңілдікті (зейнеткерлер үшін растайтын құжатты ұсынған кезде) – 1 700 ₸

Билет сатып алу

Ескертпелер:

Қазақстан Республикасы азаматтарының мынадай санаттары (растайтын құжаттарды ұсынған кезде) объектіге тегін баруға құқылы:

  • ҰОС қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар
  • Көп балалы аналар
  • I және II топтағы мүгедектер және мүгедек балалар
  • Мүмкіндігі шектеулі балалар
  • 18 жасқа толмаған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар
  • 5 жасқа дейінгі балалар
  • Көпбалалы отбасылардан шыққан мектеп оқушылары
  • Көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушылары. III топтағы мүгедектерге растайтын құжаттарды ұсынған кезде кіру билеті құнының 50% мөлшерінде жеңілдік беріледі, сондай-ақ I, II топтағы мүгедектер үшін 1 (бір) ілесіп жүретін адамға кіру тегін.

Жеңілдігі бар азаматтар санаттары үшін билеттерді сатып алу растаушы құжатты көрсеткен кезде тікелей кассада жүзеге асырылады.

Билеттер айырбастауға және қайтаруға жатпайды.