2022 ЖЫЛҒЫ 27 ТАМЫЗДА «ASTANA VENUE MANAGEMENT» ЖШС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ АЛДЫНДА КОМПЛАЕНС-ОФИЦЕР КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ҚОҒАМ ҮШІН МАҢЫЗЫ МЕН АЛДАҒЫ КОНСТИТУЦИЯ КҮНІН МЕРЕКЕЛЕУ ТУРАЛЫ БАЯНДАМА ЖАСАДЫ.
Атап айтқанда, Конституция ең жоғары құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудағы негіз қалаушы құжат болып табылады.
Қоғам өміріндегі реформалар мен өзгерістердің қазіргі кезеңінде Конституцияның рөлі арта түсіп, бүкіл құқықтық жүйенің негізін қамтамасыз етеді.
2022 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен ҚР Конституциясына түзетулер қабылдау бойынша республикалық референдум өткізілді.
Түзетулердің мақсаты — «жаңа мемлекеттік үлгіге, мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа форматына» көшу.
Түзетулер Конституцияның 33 бабына енгізілді.
Конституцияны өзгерту суперпрезиденттік басқару нысанынан ықпалды парламенті және есеп беретін үкіметі бар президенттік республикаға көшуді білдірді.
Баяндамашы серіктестіктің әрбір қызметкерінің міндеті оларға сеніп тапсырылған учаскелердегі жұмыстың барлық аспектілерін жақсартуға барынша жәрдемдесу екенін атап өтті.
Сонымен қатар, баяндамашы сыбайлас жемқорлық фактілері мен мүдделер қақтығысына жол бермеу қажеттігі туралы хабарлады.
Онымен қоса, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізгі ережелері түсіндірілді.




