logo

Leonardo da Vinci “Genius of the Renaissance” көрмесі

alt

Леонардо да Винчидің бірегей өнертабыстары Астанада алғаш рет көрсетіледі

2026 жылғы 19 мамыр мен 30 қыркүйек аралығында Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қайта өрлеу дәуірінің басты ойшылдарының бірінің өміріне, зерттеулеріне және инженерлік мұрасына арналған «Leonardo da Vinci: Genius of the Renaissance» («Леонардо да Винчи. Данышпан және оның өнертабыстары») халықаралық көрмесі өтеді.

Астанаға Рим мен Флоренция мұражайларынан Леонардо да Винчидің әйгілі «Винчи кодекстеріндегі» сызбалары мен жазбалары бойынша қалпына келтірілген механизмдерінің 40-тан астам толық өлшемді үлгісі әкелінді. Экспонаттардың арасында ұшу аппараттары, инженерлік құрылымдар, әскери машиналар және идеялары өз заманынан әлдеқайда озып, қазіргі заманғы технологиялардың бастауына айналған құрылғылар бар.

Экспозиция шамамен 3 мың шаршы метр аумақта орналасқан. Кеңістік ауаға, суға, жерге және отқа арналған тақырыптық аймақтарға бөлінген. Мұндай құрылым Леонардо да Винчидің табиғат күштерін, қозғалысты, адамның құрылысын және механика қағидаларын қалай зерттеп, өз бақылауларын инженерлік шешімдер мен өнертабыстарға айналдырғанын бақылауға мүмкіндік береді. Көрменің жеке бөлігі суретшінің ең танымал туындыларының репродукцияларына арналған. Көрме мультимедиялық форматта безендірілген: LED-туннельдер, цифрлық проекциялар және голографиялық инсталляциялар Леонардо да Винчидің идеяларын көрнекі түрде бейнелеп, оның өнертабыстарының қалай жұмыс істей алатынын көрсетуге көмектеседі.

Көрме ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Ұйымдастырушы – «Астана Концерт» компаниясы.

Экспозиция келушілер үшін 2026 жылғы 19 мамыр мен 30 қыркүйек аралығында күн сайын, демалыссыз, сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін мына мекенжай бойынша ашық болады: Тәуелсіздік даңғылы, 57.

Билеттерді Бейбітшілік және келісім сарайының, «Бәйтерек» монументінің кассаларынан, сондай-ақ Ticketon сайтынан сатып алуға болады.

Көрме бойынша колл-орталық: 87780474740