17 Сәуір
«Astana Venue Management» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру
2024 жылғы 2 мамырдан 30 мамырға дейін «Astana Venue Management» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілетін болады:
-
серіктестіктің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
-
серіктестіктің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Ішкі талдау жүргізу бойынша ұсыныстар болған немесе Ішкі талдау жүргізу жөніндегі комиссияның қызметіне қатысуға ниет білдірген жағдайда серіктестік мекенжайына хабарласуыңызды сұраймыз.




