2022 ЖЫЛҒЫ 26 ҚЫРКҮЙЕКТЕ «ASTANA VENUE MANAGEMENT» ЖШС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ АЛДЫНДА КОМПЛАЕНС-ОФИЦЕР СЕРІКТЕСТІКТЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ БАЯНДАМА ЖАСАДЫ
Сонымен қатар ол Тәуелсіздік Сарайында ел басшылығының, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының, халықаралық ұйымдар өкілдерінің және шетелдік тәуеп етушілердің (қажылардың) қатысуымен жоғары деңгейде өткен ХХ Хатшылық отырысы мен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезін атап өтті.
Баяндамашы барлық әлемдік діндер өкілдері дәріптейтін жоғары моральдық стандарттарды, сондай-ақ жалпыадамзаттық бағдарларды іздестіруді атап өтті.
Осыған орай, адалдық, ашықтық, қоғамға қызмет ету, патриотизм сияқты құндылықтар барлық діндер мен мәдениеттер өкілдері үшін ортақ құндылықтар болып табылады.
Өз кезегінде, Қазақстанда жүргізіліп жатқан саясаттың негізгі қағидаттарын қолдай отырып, әрбір азамат жалпыға бірдей танылған моральдық құндылықтарды ұстануға және мүдделер қақтығысы мен сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуге міндетті.




