Хабарландыру! «Astana Venue Management» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылауды өткізу туралы
«Astana Venue Management» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 ҮББ (Үлгілік базалық бағыт) жобаларын орындау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес серіктестік қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылауды өткізуді жоспарлап отыр.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау екі бағыт бойынша жүргізілді:
-
серіктестіктің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
-
серіктестіктің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Осыған байланысты, барлық ниет білдіруші тұлғаларды 2024 жылғы 23 мамырда сағат 15:00-де Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы, 57-үй, 704-кабинет мекенжайы бойынша осы талқылауға қатысуларын сұраймыз.




