Елордада кезекті «Халық заңгері» акциясы өткізіледі
30 мамырда сағат 17:00-де Қазақстанның барлық өңірлерінде «Халық заңгері» тегін республикалық акциясы басталады, онда құқық саласының сарапшылары азаматтарға барлық толғандыратын сұрақтар бойынша тегін кеңес береді.
Акция халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсетуге бағытталған. Оған адвокаттар, нотариустар, судьялар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, полицейлер, Антикор, әділет, салық органдарының, жылжымайтын мүлікті тіркеу басқармасының қызметкерлері және басқалар қатысады.
Акцияның ұйымдастырушылары – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі.
Астана қаласында мына мекенжай бойынша өтеді: Бауыржан Момышұлы даңғылы, 5, Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының ғимараты.
Көмектесу үшін бірігеміз!




