logo

«Astana Venue Management» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру

2024 жылғы 2 мамырдан 30 мамырға дейін «Astana Venue Management» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.

Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілетін болады:

  1. серіктестіктің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

  2. серіктестіктің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Ішкі талдау жүргізу бойынша ұсыныстар болған немесе Ішкі талдау жүргізу жөніндегі комиссияның қызметіне қатысуға ниет білдірген жағдайда серіктестік мекенжайына хабарласуыңызды сұраймыз.