2022 ЖЫЛҒЫ 27 ҚАЗАНДА КОМПЛАЕНС-ОФИЦЕР СЕРІКТЕСТІК ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН БОЛДЫРМАУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ БАЯНДАМА ЖАСАДЫ.
«Astana Venue Management» ЖШС қызметкерлерінің алдында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің комплаенс-офицері серіктестік қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау жөніндегі іс-шараларды іске асыру барысы туралы баяндама жасады.
Сонымен қатар, 2022 жылғы қыркүйекте комплаенс-офицердің «ISO 37001 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» стандарты бойынша оқытудан өткені хабарланды.
Стандарт ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін енгізу, қолдау және жақсарту жөніндегі егжей-тегжейлі талаптар мен ұсынымдардың жиынтығы болып табылады.
Стандартта қамтылған әдістер сыбайлас жемқорлық көріністерінің кез келген нысандарымен тиімді күресуге мүмкіндік береді. Ұйымның меншік нысаны қандай, қызметкерлер саны мен қызмет ауқымы қандай, сондай-ақ оның қай елде орналасқаны маңызды емес – стандарт озық халықаралық тәжірибелердің талаптары мен нормаларына сәйкес келуге көмектеседі.
Стандартта сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесі айтарлықтай егжей-тегжейлі айқындалғанын атап өткен жөн, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға және ұйымның корпоративтік мәдениетін жақсартуға бағытталған шаралар мен бақылау рәсімдерінің тізбесі ретінде түсініледі.
Жалпы алғанда, стандарт сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесінің келесі негізгі элементтерін қамтиды.
Біріншіден, стандартта сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау, бақылау рәсімдерін енгізу, контрагенттерді тексеру, мүдделер қақтығысын реттеу және ішкі аудит жүргізу бойынша толық ұсынымдар бар. Бұл ретте стандартта халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкестікті қамтамасыз ететін маңызды ереже бар екенін атап өткен жөн – бұл комплаенс-қызметтің жоғары басшылыққа функционалдық бағынуы.
Екіншіден, стандартта сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесінің негізгі элементтерінің бірі «жоғарыдан берілген тон» (тон сверху) қағидатын іске асыру болып табылады. Бұл қағидат сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесін іске асыруға жоғары басшылықтың белсенді қатысуын білдіреді. Стандартта комплаенс-қызмет қызметкерлеріне қажетті ресурстар мен өкілеттіктер беруді, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті көрсетуді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесінің тиімділігіне мониторинг жүргізу мен бағалауды қамтитын жоғары басшылықтың өкілеттіктері егжей-тегжейлі сипатталған.
Үшіншіден, контрагенттерді тексерумен қатар халықаралық стандартта жұмысқа қабылдау кезінде үміткерді немесе оны ауыстыру кезінде қызметкерді тексеру рәсімі сипатталған, өйткені мұндай әрекеттер жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің, соның ішінде мүдделер қақтығысының туындау тәуекелінің болуымен байланысты.
Төртіншіден, стандарт ұйым қызметінің сыйлықтар беру және алу, өкілдік іс-шараларды ұйымдастыру, қайырымдылық және демеушілік жобаларға қатысу сияқты бағыттарында бақылау рәсімдерін енгізу бөлігіндегі толық рәсімдерді қамтиды.
Бесіншіден, стандартта ұйымда қызметкерлердің ықтимал сыбайлас жемқорлық фактілері мен әдепсіз мінез-құлық туралы ақпараттандыру арналарын енгізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қатысты тергеу және шаралар қабылдау рәсімі туралы ережелер бар.
Баяндамашы бұл стандартты бүкіл серіктестіктің қызметіне енгізуді ұсынды, оны жиналысқа қатысушылардың барлығы бірауыздан қолдады.
Сонымен қатар, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізгі ережелері түсіндірілді.




