Концерт «Музыка әлемінде»
Сипаттамасы
2026 / 2027 БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ САРАЙЫ ХІV маусым
1 қараша * жексенбі * 17.00
«Музыка әлемінде»
балаларға арналған интерактивті лекция-концерті
Ұзақтығы – 50 минут
Жас шектеуі 5+ екендігіне назар аударуды сұраймыз
Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
БИЛЕТТЕР САТЫП АЛУ
«Астана Опера» театрының әртістері жас көрермендерін «Музыка әлемінде» қызықты интерактивті музыкалық саяхатына шақырады.
Балалар музыканттармен бірге опера дауыстарымен және симфониялық оркестр аспаптарымен танысып, ұлттық және әлемдік классикалық музыка шығармаларын тыңдайды, бір сәтке сонау барокко дәуіріне сапар шегіп, қазақтың ұлан-ғайыр даласына музыкалық саяхат жасайды.
Классикалық музыкамен ерте жастан танысу эстетикалық талғамды, қиял мен эмоциялық қабылдауды дамытуға ықпал етеді. Себебі бала қиялы таңғажайып дыбыстардан көрнекі бейне жасап, музыканы нағыз саяхатқа айналдырып жібереді.
Кішкентай көрермендерімізді «Астана Опера» театрының әртістерімен бірге музыканың ғажайып әлемін ашуға шақырамыз!
ОРЫНДАУШЫЛАР:
Опера солистері
«Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі
Дирижер – Руслан БАЙМУРЗИН, «Құрмет» орденінің кавалері
Фортепиано партиясы – Раушан БЕСКЕМБИРОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Жүргізуші, музыкатанушы – Сәуле МӘУЛЕТОВА




