М.Мусоргскийдың музыкасына «Көрмедегі суреттер»
Іс-шара туралы
2025/2026 БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ САРАЙЫ ХІІІ маусым
23 мамыр * сенбі * 17.00
«Опералия» Халықаралық музыкалық фестивалі
М.Мусоргскийдың музыкасына
«Көрмедегі суреттер»
балаларға арналған хореографиялық қойылымы
(орыс тілінде)
Ұзақтығы – 50 минут
Жас шектеуі 5+ екендігіне назар аударуды сұраймыз
Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
«Астана Опера» театры Астана қаласының «Щелкунчик» балет өнері мектебімен бірлесіп жас көрермендерге классикалық репертуардың ең жарқын әрі ерекше туындыларының бірі – Модест Мусоргскийдің «Көрмедегі суреттер» топтамасын ұсынады.
Фортепианолық топтама түрінде құрылған концерт қиял әлеміндегі көркемсурет галереясына музыкалық саяхат іспетті, мұндағы әр пьеса –суретші Виктор Гартманның туындыларынан шабыт алған дербес музыкалық бейне.
«Астана Опера» театры камералық оркестрінің орындауында Мусоргскийдің музыкасына сахналық кеңістікте жан бітеді, ал сахнада көркем бейнелер мен көріністерді жас балериналар сомдайды. Музыка мен бидің мұндай синтезі жас көрермендерге классикалық музыкамен жақынырақ танысуға, бейнелі ойлау қабілетін дамытуға және шығарманың түпкі мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Театрдың шығармашылық ұжымы көп жылдан бері «Щелкунчик» мектебімен жемісті ынтымақтастықта жұмыс істеп келеді. Олардың бірлескен репертуарында Камиль Сен-Санстың «Жануарлар карнавалы» хайуанаттар туралы фантазиясы, «Көне рояль құпиясы» концерті және жас көрермендер мен олардың ата-аналарының көңілінен шыққан басқа да бағдарламалар енген балаларға арналған жарқын жобалар бар.
ОРЫНДАУШЫЛАР:
«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ КАМЕРАЛЫҚ АНСАМБЛІ
Дирижер – Руслан БАЙМУРЗИН, «Құрмет» орденінің кавалері
Астана қаласы «Щелкунчик» балет өнері мектебінің тәрбиеленушілері, жетекшісі – Майя АМЕЛИЧЕВА
Жүргізуші – музыкатанушы Сәуле МӘУЛЕТОВА
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.




