logo

Біз туралы

«Astana Venue Management» ЖШС – «Бейбітшілік және келісім сарайы», «Бәйтерек» монументі сияқты Астана қаласының ең ірі мәдени нысандарын басқарушы біртұтас компания болып табылатын елорда әкімдігінің 100% қатысуымен құрылған серіктестік.

alt

«Astana Venue Management» ЖШС Басқарушы компаниясы қызметінің мақсаты кәсіпкерлерге, жалға алушыларға және басқа да тұлғаларға коммерциялық және өзге де қызметтерді ұсыну арқылы мәдени нысандар мен оларға келушілердің өзара іс-қимылы үшін жаңа мүмкіндіктерді ашу болып табылады.

«Astana Venue Management» ЖШС басқармасы мен қызметкерлер тобы елорда әкімдігімен қойылатын талаптарды орындауда, ағымдағы жағдайға қатысты жедел әрекет етуге бейімделген тәжірибелі мамандардан құралған. Әлбетте, олардың жұмыстары оң және жедел нәтижелер көрсетуде.

«Astana Venue Management» ЖШС командасының практикалық тәжірибесіне қатысты мынаны түйіндеуге болады: біздің серіктестік нысандарды меншік иесі – елорда әкімдігінің мүддесінде талдауға және дамытуға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізді.

Осылайша, «Astana Venue Management» ЖШС өзін коммуналдық меншік нысандарын дамытудың стратегиялық құралдарын әзірлеуге қабілетті тиімді басқарушы компания ретінде көрсетті. Осыған байланысты, «Astana Venue Management» ЖШС бұдан әрі тиімді басқаруды қажет ететін басқа да «проблемалы» кәсіпорындарды, спорт, мәдениет және басқа да қызмет салаларының нысандарын қабылдай алады. Компанияның басты бәсекелі артықшылықтарына оның күшті әлеуеті, мол тәжірибесі және жоғары сапалы қызметтері жатады.