«Аялы алақан» композициясы
«Аялы алақан» композициясы. Онда Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Назарбаевтың оң алақанының қолтаңбасы бейнеленген. Бұл – Қазақстан халқының жер шарындағы тыныштық пен бейбітшілікке аялай қарауының белгісі. Бедерлеме 97 метр биіктікте орналасқан. Бұл Астананың Қазақстан елордасы болып жарияланған жылды білдіреді.
«Аялы алақан» композициясы. Онда Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Назарбаевтың оң алақанының қолтаңбасы бейнеленген. Бұл – Қазақстан халқының жер шарындағы тыныштық пен бейбітшілікке аялай қарауының белгісі. Бедерлеме 97 метр биіктікте орналасқан. Бұл Астананың Қазақстан елордасы болып жарияланған жылды білдіреді. Бұл композицияға негіз болған Тайқазан – қазақ халқының кең пейілділігін, қонақжайлығын, жан дүниесінің кеңдігін бейнелейді. Ол өз кезегінде мемлекетіміздің басты құндылығы – Тәуелсіздік, жасампаз еңбек пен халықтың әл-ауқатын бейнелейтін үш тұғырға тіреледі.