logo
alt

ТӘУЕЛСІЗДІК САРАЙЫ

ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМА

2008 жылғы 15 желтоқсан
ашылған уақыты

Ғимарат жобасының авторлары – түркиялық Linea және Gultekin сәулет компаниялары

38 710 м²
ғимараттың аумағы
461
орынжайлар саны
3
қабаттар саны
38 710 м²
ғимараттың аумағы

Үйірмелер мен орталықтар (спорт, өнер және білім)

  • 2 қабат
  • 3 қабат
alt

ДИНАРА СӘДУАҚАСОВАНЫҢ ШАХМАТ АКАДЕМИЯСЫ

Астанадағы халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасованың шахмат академиясы. Мұнда төрт дүркін әлем чемпионы барлық қызығушыларды осы қызықты, пайдалы және дамытушы ойынды үйренуге шақырады!


alt

ЗАМАНАУИ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ БИ ФЕДЕРАЦИЯСЫ

Қазақстан Республикасының заманауи және спорттық би федерациясы 2009 жылы Қазақстан Республикасында би спорты мен заманауи билерді дамыту мақсатында құрылды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінде аккредиттендірілген.


alt

«KINOKIO» БАЛАЛАР ФИЛЬМ СТУДИЯСЫ

«KINOKIO» студиясының қызметі кез-келген деңгейдегі өзіндік контент өндірісі бар өндірістік студия мен шығармашылық және білім беру киноакадемиясынан тұрады. «KINOKIO» TURAN TV, JASTАR 1 телеарналарының эфирінде және ҚР басқа да көптеген телеарналарында шықты. 

alt

№1 БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ОЛИМПИАДАЛЫҚ РЕЗЕРВ СПОРТ МЕКТЕБІ

Олимпиадалық резерв мектебінің негізгі міндеті – ҚР спорт құрамаларына үміткер ретінде кіруге қабілетті жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау. Тәуелсіздік сарайында Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «№1 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ жанынан көркем гимнастика орталығы ашылды.


alt

«АЛТЫН ДОМБЫРА» ӨНЕР МЕКТЕБІ

Астана қаласындағы балалар мен жасөспірімдер арасында домбыра музыкалық аспабын кеңінен насихаттау, жастар арасында патриоттық сезімді нығайтуға бағытталған өнер мектебі.  


alt

«ORTUS» ЖЕКПЕ-ЖЕК (ДЗЮДО) ОРТАЛЫҒЫ

«ORTUS» жекпе-жек орталығы (дзюдо) – балалардың да, ересектердің де өміріне серпін беретін денсаулық аймағы. Клуб бұрын-соңды спортпен айналыспағандарға арналған дзюдоны оқытудың арнайы әдістемесін әзірледі.


alt

ҮСТЕЛ ТЕННИСІ ОРТАЛЫҒЫ

Үстел теннисі орталығы өз қызметін 2019 жылдан бастап белсенді түрде жүргізіп келеді. Орталықтың негізін қалаушылар – үстел теннисінің екі кәсіби ойыншысы Денис Жолудев және Тимур Келбұғанов, екеуі де спорт шеберлері және Қазақстанның бірнеше дүркін чемпиондары болып табылады, сондай-ақ олар өз шеберліктерімен бөлісе отырып, топтық және жеке жаттығулар өткізеді.


alt

№3 БАЛАЛАР МУЗЫКА МЕКТЕБІ

№ 3 балалар музыка мектебі 1985 жылы құрылған.

 

Мектепте фортепиано, вокалдық-хор, халық аспаптары (қазақ және орыс), ішекті және теориялық бөлімдер жұмыс істейді.


alt

«USTUDY» ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ

Білім – өмір жолының ажырамас бөлігі болып табылады. Білімді болу – бұл қоршаған әлемді тани білу, өзіндік пікірің болу, қайталанбас тәжірибе жинау. Әр адам үшін бұл тұжырымдаманың мәні өзіне тән. «Ustudy» тестілеу орталығы сіз өз әлеуетіңізді ашып, жаңа білім ала алатын білім беру алаңын ұсынады.


alt

СВЕТЛАНА КРАСНИКОВАНЫҢ ГИМНАСТИКА МЕКТЕБІ

Біздің мектеп ұсынатын қызметтер:

·      Көркем гимнастика, топтық және жеке сабақтар

·      Мемлекеттік спорт мектептеріне дайындық

·      ҚР спорттық разрядтарын беру


alt

«PONY STUDIO» МУЗЫКА МЕКТЕБІ

«Pony Studio» музыка мектебі (бұрынғы «Astana Music Studio») 2008 жылдан бастап балалар мен ересектерді вокалдық шеберлікке үйретеді. Осы уақыт ішінде біздің студенттер теледидарда өнер көрсетті, Spotify, Apple Music, Yandex.Music сияқты танымал сандық платформаларда синглдерді шығарды. Біз үнемі жетіліп, шәкірттерімізді жаңа деңгейге көтереміз.


alt

«АЛАН» ГИМНАСТИКА АКАДЕМИЯСЫ

«Алан» гимнастика академиясы 2016 жылы құрылған. Біз салауатты, күшті және үйлесімді дамыған жас ұрпақты тәрбиелеу мақсатында Астана қаласында көркем және эстетикалық топтық гимнастиканы дамытудамыз.


Бізбен байланыс

Мекенжай:

Тәуелсіздік даңғылы, 57

Телефон: