logo
alt

АСТАНА - БӘЙТЕРЕК

1997 жыл – Астананың мемлекеттің жаңа астанасы болып жарияланған жыл және тиісінше ел тарихындағы жаңа бастама болып табылады.

Бәйтерек – ертедегі көшпенділердің дүниетанамын танытатын терең философиялық мән-мағынаға ие. Бұл – жерасты, жерүсті және аспан сияқты үш бірдей әлемнің басын қосқан тіршілік ағашы. Жерасты әлеміне Бәйтеректің тамыры, жерүсті әлеміне оның алып діңгегі, ал аспан әлеміне оның жайқалған жапырақтары сәйкес келеді.

Байтеректі салу идеясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. «Бәйтерек» кешенін жобалаушы архитектор – танымал қазақстандық сәулетші – Ақмырза Рүстембеков.

«Бәйтерек» Хан шатырдан бастау алып Ақордаға дейін, одан әрі Бейбітшілік және келісім сарайы, «Қазақ елі» монументіне дейін жалғасқан қаланың басты архитектуралық кешенінің бойында тұр. Архитектуралық ансамбльдің композициясы Ұлы даладағы үзілмеген дәстүр байланысын, бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған еуразиялық мәдениеттің жалғасын білдіреді. Сондай-ақ композиция астарында Қазақстанды әлемдік өркениеттің айнымас бөлігіндей қарау идеясы жатыр.

2002 жылы «Бәйтерек» монументі ТМД елдері Сәулетшілер одағының Халықаралық Қауымдастығы – СОХҚ байқауының Гран-при жүлдесіне ие болды. «Бәйтеректің» авторы осы мақсатқа қол жеткізіп, қазақ халқының ежелгі рухани мәдениеті мен елдің болашаққа ұмтылысын білдіретін заманауи технологиялар арасындағы үндестікке ие болды.

Техникалық
сипаттама

2002 жылғы 29 тамыз
ғимарат салынған уақыт
105 метр
ғимараттың биіктігі
22 метр
шардың диаметрі
1 500 тонна
құрылыс салмағы
1 620 ш.м.
құрылыс алаңы

Келушілер назарына

  • 3 қабат
alt

«Аялы алақан» композициясы

«Аялы алақан» композициясы. Онда Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың оң алақанының қолтаңбасы бейнеленген. Бұл – Қазақстан халқының жер шарындағы тыныштық пен бейбітшілікке аялай қарауының белгісі. Бедерлеме 97 метр биіктікте орналасқан. Бұл Астананың Қазақстан елордасы болып жарияланған жылды білдіреді.

alt

«Бата» композициясы

«Бата» композициясы. 2003 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының І съезі кезінде дін көшбасшылары «Бейбітшілік пен келісім еліне айналған Қазақстан берекелі ел болсын» деп қазақ халқына бата беріп, 17 конфессия өкілдері, ұлттық құндылық және халықтың игілігі болып табылатын, этносаралық және конфессияаралық толеранттылықтың қазақстандық үлгісін халықаралық деңгейде мойындау белгісі ретінде өз қолтаңбаларын қалдырды.

Ғимаратқа
кіру ережелері

Жұмыс уақыты:

1 маусым мен 31 тамыз аралығында: 10:00 – 22:00

1 қыркүйек пен 31 мамыр аралығында: 10:00 – 21:00

«Бәйтерек» монументіне кіру құны:

Ересектерге арналған билет – 2000 ₸

Балалар билеті (5 пен 15 жас арасы) – 1000 ₸

Жеңілдігі бар билет – 1500 ₸

Билет алу

Ескертпелер:

Монументке тегін кіруге төменде көрсетілген санаттарағы азаматтар құқылы (растайтын құжаттарды ұсынған кезде):

  • ҰОС қатысушылары мен мүгедектері
  • Көп балалы аналар
  • I және II топтағы мүгедектер мен мүгедек балалар
  • Мүмкіндігі шектеулі балалар
  • Жетім балалар
  • 5 жасқа дейінгі балалар
  • Көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушылары
  • III топтағы мүгедектерге растайтын құжаттарды көрсеткен кезде кіру билеті құнының 50% мөлшерінде жеңілдік беріледі, сондай-ақ I, II топтағы мүгедектер үшін 1 (бір) еріп жүретін адамға кіру тегін

Аталған санаттағы азаматтар жеңілдігі бар билеттерді санатты растайтын құжатты көрсеткен кезде тікелей кассада сатып алады.

Билеттер айырбасталынбайды және қайтарылмайды.

Бізбен байланыс

Мекенжай:

Нұржол бульвары, 14

Телефон: