logo

«Astana Venue Management» ЖШС қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қатерлеріне ішкі талдау бойынша жүргізілген жұмыс туралы

alt

2022 жылғы 30 мамырда «Astana Venue Management» ЖШС қызметкерлерінің алдында комплаенс-офицер Д.А. Якупов серіктестік қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қатерлеріне ішкі талдау бойынша жүргізілген жұмыс туралы баяндама жасады.

Атап айтқанда, баяндамашы комиссия серіктестік қызметінің сыбайлас жемқорлық қатерлеріне келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізгенін хабарлады:

1) бөлімшелердің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық қатерлерін анықтау;

2) бөлімшелердің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық қатерлерін анықтау жолымен жүзеге асырылады.

Талдау 2022 жылғы 3 мамыр мен 27 мамыр аралығында жүргізілді.

Жұмыс нәтижелері бойынша талдамалық анықтама қалыптастырылды, анықталған қатерлерді жою жоспары әзірленді.

Сонымен қатар, ол анықталған тәуекелдерді жою және сыбайлас жемқорлық қатерлерін болдырмау бойынша сапалы жұмыс жүргізу қажеттілігі туралы хабарлады.

Сондай-ақ, ол әр сәрсенбі күні сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін серіктестіктің бас директоры серіктестік қызметкерлерін жеке мәселелері бойынша, сондай-ақ серіктестік жұмысын жақсарту бойынша өзгерістер енгізу мәселелері бойынша қабылдайтынын еске салды.

Сонымен қатар, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізгі ережелері түсіндірілді.